Грекияның Эвбея аралында магнитудасы 4,9 болатын жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулері Афина тұрғындарына да сезілген, деп хабарлайды Euronews.
АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Эвбея аралындағы Лимни қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 6 шақырым жерде орналасқан.
Дүмпулер шамамен 20 секундқа созылып, одан кейін бірнеше минут ішінде бірқатар афтершок тіркелген.
Ғалымдар алдағы екі тәулік бойы өңірдегі сейсмикалық белсенділікті бақылап, жағдайды жан-жақты бағаламақ.
Жергілікті биліктің хабарлауынша, аралдың кейбір бөліктерінде көшкін жүрген. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
Мамандардың айтуынша, бұл аймақ бұрыннан сейсмикалық белсенділігі жоғары өңірлердің бірі саналады.