$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Елорданың Сарыарқа ауданында қарағай, шырша, алмұрт және шетен ағаштары өспек

Елорданың Сарыарқа ауданында қарағай, шырша, алмұрт және шетен ағаштары өспек

Экология күніне орай бас қала қоқыстан тазартылып, 100-ден астам көшет егілді. Енді елорданың Сарыарқа ауданында қарағай, шырша, алмұрт және шетен ағаштары өспек. Экология және табиғи ресурстар министрлігі ЮНИСЕФ ұйымымен бірлесіп, аумақты санитарлық тазарту және ағаш отырғызу акциясын ұйымдастырды. Шараға Парламент депутаттары, мемлекеттік орган қызметкерлері және еріктілер қатысты.

ЕРЛАН НЫСАНБАЕВ, ҚР ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРІ:

Қатысып жатқан осы 30-дай біздің волонтерлар. Осылардың бәріне бұл үлгі, өнеге. Ертеңгі мемлкетіміздің иесі осылар. Сол себептен біз қаламыздың бірлесіп, жасыл болуына үлесімізді қосып жатырмыз.

НҰРДӘУЛЕТ МҰХТАРБЕК, ЕРІКТІ:

Ағаш отырғызумен жиі айналысамын. Көктем айында өзім жеке 7 ағаш отырғызу іс-шарасына қатысып 1000-ға жуық ағаш отырғызған болатынмын. Жалпы ЮНИСЕФ еріктілері туралы айтсам, біз  ағаш отырғызуға жиі қатысамыз. Өткен жылдың статистикасына қарайтын болсақ, 20 мыңға жуық ағаш отырғызып, Таза Қазақстан ақциясымен 500тонна қоқыс жинадық.