$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Ақтөбеде жол апатынан көлік өртеніп, үш адам қаза тапты

AstanaTV
10.06.2026ж. 19:00
Ақтөбеде жол апатынан көлік өртеніп, үш адам қаза тапты

Ақтөбеде жол апатынан көлік өртеніп, үш адам қаза тапты. Қайғылы оқиға Ақтөбе- Астрахань республикалық маңызы бар тасжолында, Байғанин ауданының Қарауылкелді ауылы маңында болған. DAF маркалы жүк көлігі Toyota Camry маркалы екі жеңіл автокөлікпен соқтығысқан. Қатты соққыдан кейін жеңіл көліктердің бірі отқа ораныпты. Оқиға орнында екі адам қаза тапты. Апат салдарынан түрлі дене жарақатын алған сегіз адам Байғанин аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Өкінішке қарай ауруханада тағы бір адам көз жұмды. Қазір полиция  апаттың нақты себебін анықтап жатыр. Тергеу нәтижесі бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданбақ.

АЙБЕК БОРОШЕВ, ОПД ӘКІМШІЛІК ПБ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Республикалық маңызы бар «Ақтөбе-Астрахан» тас жолының 240 шақырымында 3 автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Соның салдарынан екі адам қаза тауып,  8 адам әртүрлі дене жарақаттарымен Байғанин аудандық ауруханасына  жеткізілді. Қазіргі  таңда аталған дерек бойынша тергеп, тексеру жұмыстары жүргізілуде. Құрметті жүргізушілер жолда жүрген кезде жол ережелерін қатаң сақтауды ескертеміз.