$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Терезені жапсақ та кіреді: Алматыда 2000- астам тұрғын жағымсыз иіске шағымданды

AstanaTV
10.06.2026ж. 19:00
Терезені жапсақ та кіреді: Алматыда 2000- астам тұрғын жағымсыз иіске шағымданды

Алматыда 2000-нан астам тұрғын адам төзгісіз жағымсыз иіске шағымданды. Тұрғын үй іргесіндегі кәріз жүйесі тиісті деңгейде бақыланбайды деп наразы. Салдарынан иіс пәтерлерге дейін жетіп, кейде кәріз суы жертөлелерге жайылады екен. Терезе ашудың өзі мұңға айналған. Тілшіміз Айгерім Есенкелді жағдайды жеткізсін.

Тұрғындар қолқаны қабатын иістен әбден мезі болған. Терезе ашудан қалдық дейді. Себебі тұрғын үйге жақын орналасқан кәріз жүйесі тиісті деңгейде күтіп ұсталмайды, беті ашық күйінде қалатын көрінеді. Ал жауаптылар иіс жақын маңдағы мал соятын нысаннан деп жауап беріпті.

МӨЛДІР СӘПИЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Бұл иіс біз терезе жабық тұрса да кіреді ішке. Сау адамды ауру қылатын жаман иіс. Үш рет жаңағы канализационный система аварийный случай болды да, атып кеткен кезде мына біздің подвалдарға бүткіл канализацияның боқтығы, несі бәрі ақты. Оны екі-үш күн тазалады, одан кейін ол үш апта кеуіп сасып тұрды. И солай жаз бойы үш рет қайталағанда ойлаңыздар, бүткіл жаз бойы біз осы иіспен демалып шықтық.

Бұл мәселенің соңы емес дейді тұрғындар. Әуелде тұрақ орны ретінде берілген аумақтың кейін жекеменшікке өтіп кеткенін айтқан жұрт, қазір онда белгісіз жүк көліктері тұрақтап, қоқыс жиналып, аумақтың қараусыз қалғанына шағымданды.

ҒАЛИЯ РАЙЫМБЕКОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Бұл жерді абаттандырады, осы парковочный зона болады осы ЖК-ның деп айтып еді. Сол жерде көп грузовой машиналар қазір рұқсатсыз... Олардың несі емес, бірақ ана райондардан келіп, осы жерге парковать етеді. Бұл не, кімнің жері екені белгісіз. Ешкім қолына алмайды.

Жауапты кәсіпорын көп жағдайда тұрғындардың кәріз жүйесіне бейжәй қарайтындығын айтып, бірнеше фактор себеп дейді.

СЕРІК ШАГИРОВ, «АЛМАТЫ СУ» МКК ӨТІМ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТ ДИРЕКТОРЫ:

Тұрғындардың өздерінің мына канализация жүйесін дұрыс пайдаланбайды. Әртүрлі мусорларды тастайды. Памперсі бар, жаңағы қалдық тамақтары бар, сондықтан,  жаңағы сорғы станция болғандықтан, бітеліп қалады, содан кейін жаңағы жұмыстар өткізген кезде немесе электр қуаты өшкен кезде осындай иіс пайда болуы мүмкін. Қатаң бақылауға аламыз. Негізі осы алдыңғы биыл, келесі жылға арнайы гидроизоляция жасап, арнайы реагенттерді, қоспаларды қосу мақсатында біз осы иісті кетіреміз деп жоспарлап отырмыз.

Тұрғындар уәде тек құр сөз күйінде қалмаса екен деп отыр.