$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Халықаралық автокомпаниялар Қазақстанмен жұмыс істей бастады

Халықаралық автокомпаниялар Қазақстанмен жұмыс істей бастады

EXPO Халықаралық көрме орталығында ауқымды көрмелердің бірі әрі бірегейі Automechanika Astana көрмесі өтіп жатыр. 23 елден 400-ден астам компания, Қытай, Өзбекстан және Иранның ұлттық павильондары бар. Бұл Орталық Азиядағы автобизнестің даму бағытын айқындайтын шара.

Он жыл ішінде Automechanika Astana өңірлік көрмеден Орталық Азияның автомобиль саласындағы негізгі келіссөз алаңына айналды. Биылғы жылы көрме рекорд жаңартып отыр. Қазақстан, Германия, Қытай, Ресей, БАӘ, Оңтүстік Корея, Үндістан және басқа елдерден 400-ден астам экспонент қатысуда.

«Халықаралық салалық көрмелер – ел саясатын жүзегеасырудың практикалық құралы: мемлекет, бизнес және халықаралық серіктестердің тікелей диалогы, технологиялар трансфері және нақты келісімшарттар»,-Әсет Нүсіпов, ҚР Сауда және интеграция вице-министрі.

«Көрме – сала жай-күйінің тірі индикаторы. Бүгінде шетелдік серіктестердің Қазақстанға деген қызығушылығының артып келе жатқанын көріп отырмыз және автомобиль секторының дамуын қолдауға дайынбыз»,- Серік Жараспаев, ҚР Туризм және спорт вице-министрі.

Бір алаңда автомобиль үшін қажеттінің бәрі бар: қосалқыбөлшектер, майлар, автохимия, СТО жабдықтары, шиналар, диагностикалық шешімдер. Кәсіпкерлердің шетелдік көрмелерге баруын қажет етпейді, өйткені керектің бәрі Астанада.

Сондай-ақ, астананың халықаралық алаң ретіндегі рөлін нығайту мақсатында Messe Frankfurt пен Астана әкімдігі арасында меморандумға қол қойылды.

«Өңірдің одан әрі өсуге зор әлеуеті зор. Біз бұл бағытта жұмысты жалғастыратын боламыз. Automechanika Astana-ның 10 жылдығын атап өтуге қуаныштымыз»,- деді Йорг Зайфарт, Messe Frankfurt қаржы және стратегия директоры.

«Он жыл ішінде біз тек көрме ғана емес — мәмілелермен серіктестіктер туатын орта жасадық», - деді Ануар Малик, Business Media Central Asia директоры.

Автосаланың технологиялық қайта құрылуы елдің энергетикалық кешені алдына жаңа міндеттер қояды. Электромобильдердің өсуі зарядтау инфрақұрылымын, ал классикалық көлік жоғары технологиялы отынды қажет етеді. Екі бағыт та энергетика вице-министрінің қатысуымен көрме алаңында талқыланды.

«Автомобиль индустриясы күн сайын біздің энергетикалық кешенімізге жаңа стратегиялық сын-тегеуріндер қояды. Электромобильдер секторының өсуі қалалық зарядтау инфрақұрылымын жедел кеңейту бағытын белгілейді. Бүгін көлік пен энергетика бірыңғай үйлесімді тетік ретінде жұмыс істейді»,- атап өтті Энергетика вице-министрі Ерлан Ақбаров.

Көрме аясында ресми бағдарлама әзірленген. Онда Automechanika Academy сессиялары, B2B-келіссөздер, үздік автоблогерлермен Live Stage (Бейбіт Әлібеков, Талғат Итаев, Арман Юсупов және басқалар). Бас серіктес — Shell Lubricants.