$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Күн қатты ысиды, шаңды дауыл соғады

11.06.2026ж. 12:41
Күн қатты ысиды, шаңды дауыл соғады
Фото: pixabay

«Қазгидромет» РМҚ синоптиктері хабарлағандай, батыс циклоны мен атмосфералық фронттардың әсерінен елде бұл күні тұрақсыз ауа райы сақталады. 

Найзағай ойнап,  бұршақ аралас жаңбыр жауып, солтүстік-батыс өңірлерде және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында кей жерлерде қатты нөсер жауын түседі.

— Республика аумағында желдің күшеюі күтіледі. Елдің оңтүстігінде шаңды дауыл соғуы мүмкін. Ал солтүстік-батыс өңірлерде түнгі және таңғы уақытта тұман түсуі ықтимал, — деп хабарлады Қазгидромет баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, күндіз Шығыс Қазақстан облысында және Абай облысында ауа температурасы +35°С-қа дейін көтеріліп, қатты ыстық күтіледі.

Қазақстан аумағында жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады. Ең күрделі жағдай Қызылорда облысы, Қарағанды облысы, Түркістан облысы, Жамбыл облысы, Алматы облысы, Павлодар облысы, Қостанай облысы, Ақтөбе облысы, Батыс Қазақстан облысы, сондай-ақ Абай облысы мен Жетісу облысы аумақтарында болжанып отыр.

Астанада күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +13…+15°C, күндіз +26…+28°C.

Алматыда күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай болады. Жел 3-8 м/с, екпіні 15 м/с-қа дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +17…+19°C, күндіз +25…+27°C.

Шымкентте күн ала бұлтты, жауын-шашын күтілмейді. Желдің жылдамдығы 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +15…+17°C, күндіз +32…+34°C.