$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Алматыда ветеринариялық талапқа сай емес 13 мыңнан астам жұмыртқа анықталды

11.06.2026ж. 10:42
Алматыда ветеринариялық талапқа сай емес 13 мыңнан астам жұмыртқа анықталды
Фото: pixabay

Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық инспекциясы жүргізген рейд барысында «Барыс-IV» базарынан ветеринариялық құжаттары жоқ, таңбаланбаған және арнайы қаптамасыз сатылған 13 680 дана жұмыртқа анықталды.

Заңбұзушылыққа жол берген тұлғаларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, жалпы сомасы 1,3 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды.

Тәркіленген өнім санитариялық талаптарға сәйкес жойылды.