$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Өзбек футболшыларын қатаң тексеру: Өзбекстан АҚШ-тан түсініктеме талап етті

11.06.2026ж. 20:16
Өзбек футболшыларын қатаң тексеру: Өзбекстан АҚШ-тан түсініктеме талап етті
Фото: 1Бол!

Бұл туралы Өзбекстан СІМ-нің ресми өкілі Омонулла Файзиев мәлімдеді,- деп хабарлайды 1Бол!

Өзбекстан Сыртқы істер министрлігі ұлттық футбол құрамасының АҚШ-қа барған кезде күшейтілген тексеруден өткізілуіне байланысты Вашингтоннан ресми түсініктеме сұратты.

Бұл туралы Өзбекстан СІМ-нің ресми өкілі Омонулла Файзиев мәлімдеді. Оның айтуынша, оқиғаға байланысты Нью-Йорктегі Өзбекстанның Бас консулдығы арқылы АҚШ-тың тиісті органдарымен байланыс орнатылып, жағдайға қатысты ресми түсініктеме талап етілген.

«Біздің футболшыларға қатысты жағдай бойынша Нью-Йорктегі Бас консулдық арқылы АҚШ-тың тиісті мекемелерімен байланыс орнатылып, оқиғаға байланысты ресми түсініктеме сұратылды», – деді Файзиев.

Сонымен қатар ол Өзбекстан тарапы әлем чемпионаты секілді ауқымды халықаралық жарыстарда қауіпсіздік шараларының күшейтілетінін түсінетінін атап өтті.

«Мұндай процестер спорттық жарыстардың рухына, әсіресе өзара құрмет пен достық қарым-қатынасқа кері әсер етпеуі маңызды деп есептейміз», – деді министрлік өкілі.