$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Футболдан әлем чемпионатының ашылуы 3 елде өтеді

AstanaTV
11.06.2026ж. 19:00
Футболдан әлем чемпионатының ашылуы 3 елде өтеді

Бүгін Футболдан Әлем чемпионаты басталады. Алғаш рет 48 құрама қатысатын аламанды биыл 3 ел қабылдамақ. Соған сәйкес, ашылу салтанады да АҚШ, Канада, Мексикада өтеді. Бас аяғы 104 ойын 11 маусым мен 20 шілде аралығында жоспарланған. Ал топтық кезеңнің алғашқы туры 18 маусымға дейін жалғасады. Матчтар негізінен , Канзас-Сити, Майами, Нью-Йорк, Ванкувер, Торонто, Мехико сынды 16 қалада өтпек. Бұған дейін аладоп додасы 22-рет өтсе де, кубокты 8 құрама ғана жеңген. Айта кетейік, көршіміз Өзбекстан құрамасы да, алғаш рет әлем чемпионатына сүрінбей жетті.