$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Павлодарда 2 жастағы бала терезеден құлап көз жұмды

12.06.2026ж. 19:00
Павлодарда 2 жастағы бала терезеден құлап көз жұмды

Павлодарда 2 жастағы бала үшінші қабаттың терезесінен құлап көз жұмды. Қайғылы оқиға Ақсу қаласында болған. Анасы түскі ас дайындауға кеткен кезде бала ашық тұрған терезе алдына шығып, құлап кеткен. Сәби бірден ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер бүлдіршіннің жанын аман алып қалуға тырысқанмен, құтқара алмады. Ота жасау кезінде бала көз жұмған. Полиция істің мән-жайын анықтап жатыр. Аймақта жыл басынан бері 3 бала терезеден құлаған. Оның екеуі аман қалды.