$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Әлем біріншілігінің алғашқы кездесуінде 3 қызыл қағаз көрсетілді

Әлем біріншілігінің алғашқы кездесуінде 3 қызыл қағаз көрсетілді

Алғашқы матчта 3 қызыл қағаз көрсетілді. Мундиальдің ашылуындағы ең дөрекі матч Мексикада тіркелді. Алаң қожайындары Оңтүстік Африка құрамасын қабылдады. Әдеттегідей шымылдығын Шакира ашқан бұл ойынды тарихи матч деуге толық негіз бар. Осыдан 16 жыл бұрын Әлем Чемпионатының ашылу ойынында дәл осы Оңтүстік Африка мен Мексика құрамалары кездескен. Қазіргі жаттықтырушы Хавьер Агирре сол кезде де бас бапкер болған. Айта кетейік, Мексикаға тағы бір рекорд тиесілі. Ацтека стадионы осымен 3 рет Мундиальдың ашылу салтанатын қабылдады. Гильермо Очоа болса, Криштиану Роналду және Лионель Мессимен қатарласып, алтыншы футбол додасына қатыспақ. Алайда, Мексика үшін аңыз қақпашы кешегі ойында алаңға шықпады. Соған қарамастан, алаң қожайындары еш қиындықсыз 2-0 есебімен жеңіске жетті. Айта кетейік, осы мундиальдан бастап, төрешінің көзілдірікпен қапталған жеке камерасы болады. Сонымен қатар, рефери футболшылардың допты ойынға дер кезінде қосып, уақыт созбауын қадағалайтын жаңа ереже түрлері ресми қолдана бастады.

ХАВЬЕР АГИРРЕ, ФУТБОЛДАН МЕКСИКА ҚҰРАМАСЫНЫҢ БАС БАПКЕРІ:

Біз бірінші таймда-ақ 3 гол соғуымыз керек еді. Әлбетте, ойын өрнегі басқа, экрандағы есеп басқа болады. Дегенмен, бұндай деңгейде плей-офф кезеңінде ары барамыз десек, алпауыттарды жеңеміз десек, ұрымтал тұстарда бұлай мүлт кетуге болмайды. Біздің ойыншылар өздеріне тым сеніп, қарсыласқа біраз мүмкіндік беріп қойды.