$541.34 €640.73 ₽6.53
×

«Әділет» партиясы филиалдардың бірыңғай ережелерін бекітті

«Әділет» партиясы филиалдардың бірыңғай ережелерін бекітті

«Әділет» партиясының II Съезінде делегаттаркүн тәртібіндегі екінші мәселені – «Әділет» партиясының филиалы туралы Ережені бекітудіқарастырып, бірауыздан қолдады.

Бұл құжат съездің негізгі ұйымдастырушылықшешімдерінің бірі болды және партияның бүкіл ел бойынша өңірлік құрылымдарының жұмысынаарналған нормативтік негізді қалыптастырудыаяқтады.

Құжат жобасын таныстырған партияның Саясикеңесі Бюросының мүшесі және съезд хатшысыГүлзира Атабаева Ереженің филиалдардыңқұқықтық мәртебесін, міндеттерін, басқару жүйесін, партияның орталық органдарымен өзара іс-қимылтәртібін, қаржылық тәртіп пен бақылау тетіктерінайқындайтынын атап өтті.

«Филиал туралы ереже – партияныңөңірлердегі жұмысы қалайұйымдастырылатынын, аумақтыққұрылымдардың қалай қалыптасатынын, жергілікті жерлерде шешімдердің қалайқабылданатынын, сондай-ақ тәртіп, бақылаужәне жауапкершілік қалай қамтамасызетілетінін айқындайтын негізгі құжаттардыңбірі», – деді Г. Атабаева.

Оның айтуынша, бұл құжаттың қабылдануыпартияның институционалдық негізінқалыптастырудың маңызды кезеңінің аяқталғанынбілдіреді.

Құжатта партиялық жұмыстың бірыңғайстандарттарына ерекше назар аударылған. Филиалдар аумақтық қағидат бойынша құрылып, біртұтас партиялық жүйенің бөлігі ретінде жұмысістейтін болады.

«Партияның бірыңғай желісі, бірыңғайережелері мен жұмыстың бірыңғайстандарттары болуы тиіс», – деп баса айттыГүлзира Атабаева.

Құжаттың жеке бір бөлімі ашықтық, есептілікжәне ішкі бақылау мәселелеріне арналған. Партия барлық өңірлік бөлімшелер шешімдердіңашықтығын және партия мүшелері мен қоғамалдындағы жауапкершілікті қамтамасыз ететінортақ ережелер бойынша жұмыс істейді.

Ереженің қабылдануын қолдай отырып, «Дала Қырандары» жастар патриоттық қозғалысыныңөкілі Мәди Рымжанов партияның дамуындағыөңірлік ұйымдардың ерекше рөлін атап өтті.

«Кез келген саяси ұйымның шынайы күшіоның халықпен бірге бола алуымен, олардыңсұраныстарын естуімен және еліміздің әрөңірінде олардың мүдделерін тиімді білдіреалуымен айқындалады», – деді М. Рымжанов.

Дауыс беру қорытындысы бойынша делегаттар«Әділет» партиясының филиалы туралы ереженібірауыздан қолдады.

Партия бұл құжатты бекіту өңірлік желіні одан әрідамытуға және бүкіл ел бойынша азаматтарментұрақты диалогты нығайтуға берікұйымдастырушылық негіз қалайды деп санайды.