$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Каспий теңізіне екі адам суға батып кете жаздады

Каспий теңізіне екі адам суға батып кете жаздады
фото скрин

Маңғыстау облысында теңізге шыққан екі ер адамның сапары құтқарумен аяқталды.

Олар сапборд тақтасымен серуендеуге шыққан. Күшті ағыс салдарынан оларды теңізге қарай алып кеткен.

Судағы профилактикалық іс-шаралар барысында ТЖМ жедел-құтқару жасағының қызметкерлері Ақтау қаласының 4А шағын ауданы маңында жағадан шамамен 500 метр қашықтықта көмек сұраған адамдарды байқаған.

Екі азамат құтқару жилеттерін киген, бұл қайғылы жағдайдың алдын алуға көмектесті.

Олар қайықпен жағаға жеткізілді. Медициналық көмек қажет болмады.