$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Көпбалалы ана күйеуін пышақтап өлтірді

AstanaTV
15.06.2026ж. 19:00
Көпбалалы ана күйеуін пышақтап өлтірді

Жетісу облысындағы Текеліде әйел күйеуін пышақтап өлтірді деген күдікпен ұсталды

Қайғылы оқиға 10 маусымға қараған түні болған. Полиция мәліметінше, әйел жарақатты күйеуімен бірге ішімдік ішіп отырған кезде салған. Көршілерінің айтуынша, күдікті көпбалалы ана. Марқұм күйеуі ұзақ жылдар бойы отбасы мүшелеріне күш көрсеткен, жиі мас күйінде жанжал шығарып, әйелі мен балаларын үйден қуып шығып, тіпті қыста үйдің терезелерін шағып тастаған көрінеді. Күдікті қазір Талдықорғандағы тергеу изоляторында.

ЖАНАР ҚАЛЫҚОВА, ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Істің барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтау мақсатында қажетті тергеу әрекеттері атқарылып жатыр. Түпкілікті процессуалдық шешім тергеу нәтижелері бойынша қабылданатын болады.