Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік сатылмайды - ИДМ

AstanaTV
14.02.2018ж. 20:00
3541
Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік сатылмайды - ИДМ

Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік сатылмайды. Ұйым инновацияны дамыту бойынша бірыңғай оператор ретінде жаңа мәртебеге ие болған. Бұл туралы Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді. Былтыр агенттік арқылы 13 жобаға 2,4 млрд теңге грант бөлінген. Жыл соңына дейін оған жетекші халықаралық компания стратегиялық серіктес ретінде тартылмақ. Еске салайық, Ұлттық агенттік жекешелендіру тізіміне іліккен еді. Және оны сату немесе тарату туралы мәселені депутаттар да көтерген болатын.

Жеңіс Қасымбек, ҚР Инвестициялар және даму министрі:

Инновация бойынша саясатты қолдау мақсатында Инновациялық саясат жөніндегі кеңес құру жайы талқыланып жатыр. Оны премьер-министр басқарады.

Министр сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтарға бөлінген қаржының өз-өзін ақтай алмағанын мойындады. Қазақстанда қазір 11 аймақ жұмыс істейді. Олар құрылғалы 165 жоба іске қосылды. Оған 800 млрдтай теңге жұмсалған. 13 мыңға тарта жұмыс орны ашылды. Бүгінде 11 аймақ бойынша сараптау жүргізілген.