$487.73 €558.99 ₽6.63
×

Биыл 13,1 млн адам табиғи газбен қамтылды

19.06.2026ж. 13:16
Биыл 13,1 млн адам табиғи газбен қамтылды
Фото: iStock

Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаевтың мәліметінше, биыл 1 қаңтардағы жағдай бойынша елдегі газдандыру деңгейі 64,2%-ға жетті.

Өткен жылы 94 елді мекенге газ тартылып, 82 газбен жабдықтау жобасының құрылысы аяқталды.

Газдандыру деңгейі еліміздің батыс өңірлерінде, Жамбыл облысында, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалаларында 90%-дан асады. Алматы, Қызылорда, Түркістан, Қостанай және Жетісу облыстарында 60-90% аралығында. Ал Қарағанды, Ақмола және Ұлытау облыстарында бұл көрсеткіш 60%-дан төмен.

Биыл республикалық бюджеттен газ тасымалдау жүйесін дамытуға 27,3 млрд теңге бөлінді. Соның нәтижесінде газдандыру деңгейін 64,3%-ға дейін жеткізу және қосымша 32 мың адамды табиғи газбен қамту жоспарланып отыр.