Астанада көп қабатты тұрғын үйден өрт шықты. Тілсіз жау 11 қабаттан 13 қабатқа дейін жетіп үлгерген. Ал өрт сөндіру қызметкерлері келгенде жоғарғы қасбеттің ашық жалынмен жануы байқалған. Төтенше жағдай қызметкерлерінің айтуынша, мұндай жайттар жиілеген. Күн ысығалы өрт қауіпі де көбейгенін ескертті.
ЖАМБЫЛ ЕСҚҰЛ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Өрт болып жатыр деді, далаға шықтық. ‑рт деген тілсіз жау, бәріміз қорқамыз. документтеріміздің бәрі үйде қалды. Көп адамдар отырды далада. Түтін шығып жатты.
АЙТУҒАН БЕКЕНОВ, ҚАЛАЛЫҚ ТЖД БАСҚАРМАСЫ ЖЕДЕЛ КЕЗЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Оқиға орнына 7 техника жұмылдырылды. ТЖМ қызметкерлері 4 адамды, оның ішінде 1 баланы құтқарды. Сонымен қатар, 10 адам ТЖМ күштерімен эвакуацияланды. Өрт 40 шаршы метр аумақта толық сөндірілді.