$486.19 €554.26 ₽6.51
×

Каспий теңізінде суға батып бара жатқан 2 адам құтқарылды

Каспий теңізінде суға батып бара жатқан 2 адам құтқарылды
Фото: kz.oqu.news

Ақтау қаласында, Ақжелкен шағынауданындағы «Солдатский» жағажайында жабдықталған демалыс орнында шомылу кезінде ер адам мен әйел суға бата бастаған.

ТЖД жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жағадан 300 метр қашықтықта болған ер адам мен әйелді судан шығарып алды. Әйелді құтқаруға сол жерде катамаран теуіп жүрген куәгерлер көмектесті.

ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының бригадасы зардап шеккендерге оқиға орнында алғашқы медициналық көмек көрсетіп, кейін оларды ауруханаға жеткізді.