$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Елордадағы № 36 балабақша сәбилері дизентерия инфекциясын жұқтырған

AstanaTV
15.02.2018ж. 20:00
4511
Елордадағы № 36 балабақша сәбилері дизентерия инфекциясын жұқтырған

Астанадағы №36 балабақша бүлдіршіндері дизентерия инфекциясын жұқтырған. Мұндай диагнозды қалалық балалар жұқпалы ауруханасының дәрігерлері қойды. Бұл балаларға қойылған жалғыз диагноз емес. Үйде ем алып жатқан сәбилерге емхана дәрігерлері стафилококк ауруын жұқтырған депті. Ата-аналар осылай деп отыр. Мән-жайды Диана Сапарқызы анықтап қайтты.

Осыдан бір жұма бұрын 6 бала мен балабақшаның екі қызметкері ауруханаға түскен еді. Олардың жартысы дизентерия инфекциясын жұқтырған болып шықты. Әзірге бір бала ғана жазылып шыққан. Тағы екі бүлдіршінді де жақында үйіне жібермек. Ал қалған сәбилер әлі де ем алады. 

Ольга Пушкарева, Астана қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

Балалар ауруханаға түскенде олардың жағдайы ауыр және орташа ауыр деңгейінде бағаланды. Бүлдіршіндерде асқынулар болмады. Біздің стационарға түскен балаларға дизентерия диагнозын қойып отырмыз.

Ақмарал Машенова зардап шеккендердің бірі. 2 жарым жасар ұлы балабақшадан келген соң, іші өтіп, қызуы көтерілген. Қазір үйде ем алып жатыр. Жергілікті дәрігерлер бүлдіршінге  стафилококк диагнозын қойған. Қазір сәбиінің температурасы 39-дан түспей тұр, - дейді анасы.

Ақмарал Машенова, ата-ана:

Дәрігер келіп қарады. Енді бүгін балам ауырып жатыр. Температруа 39. Стафилококк деп айтты. Білмедім оны медсестра бізге айтты. СЭС-тан звондады. 7-сі күні алған балалардың қорытындысын, кеше айтты. Кімге положительный, соларға СЭС-тан айтты. Ал біз қолымызға ешқандай результатты алған жоқпыз.

Білім басқармасының хабарлауынша, барлығы 15 бүлдіршін зардап шеккен. Олардың жартысы инфекция жұқтырған. Қазір балабақша жұмысы уақытша тоқтатылылған. Бұл ғимаратта санитарлық тазарту мен тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алдын ала тексерулер қызметкерлер санитарлық талаптардың бұзылғанын көрсеткен.

Жазира Асанова, Астана қаласы білім басқармасының баспасөз хатшысы:

Қоғамдық денсаулықты қорғау департаментінің экспертизасы нәтижесін алып отырмыз. Сондықтан біз білім басқармасы тарапынан тәртіптік комиссия құрып, сол комиссияның алқасында 36-шы балабақашаның меңгерушісін, сонымен қатар сол балабақшаның медбикесін екеуінің де еңбек шартын бұзуға шешім қабылдап отырмыз.

Диана Сапарқызы, тілші:

Алайда балалардың бұл жұқпалы ауруды қайдан, кімнен жұқтырғаны белгісіз. Ол толық тексеруден кейін белгілі болады. Білім басқармасындағылар инфекция балабақша қызметкерлерінен де жұғуы мүмкін деп болжап отыр. Мамандар бұл жағдайдан соң Астанадағы барлық мектепке дейінгі білім беру орындарын жаппай тексеруге кірісіп кеткен.