$485.4 €550.69 ₽6.41
×

Алматыда 150-ден астам метро қызметкері жұмысынан шыға ма?

AstanaTV
25.06.2026ж. 19:00
Алматыда 150-ден астам метро қызметкері жұмысынан шыға ма?

Алматы метросында 150-ден астам штаттық қызметкер жұмысынан айырыламыз ба деп алаңдаулы. Айтуларынша, кассадағы мамандарды апараттармен алмастырмақ. Салдарынан көп жылдан бері еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі қызметкерлерді де қысқартпақшы дейді. Тілшіміз Айгерім Есенкелді біліп қайтты.

Қызметкерлердің сөзінше , жаппай қысқартуды басшылық әкімдік тарапынан түскен тапсырма деп түсіндірген. Ал бұйрықты қағаз жүзінде көрген емеспіз дейді. Жарты ғұмырын метро жұмысына арнаған мамандар енді қайда барамыз деп дал.

ЖАНСАЯ ДУАНБЕК, «АЛМАТЫ МЕТРОПОЛИТЕНІ» КМК ОПЕРАТОРЫ:

Қалай бізді жұмыссыз қалдыра салады, просто так. Мен өз басым «Метрополитенде» 12 жыл болды жұмыс істеп, еңбегім сіңіп келе жатқанына. Мен просто так нанымнан айырып, орнымды бере салмаймын. Больничныйға шықсақ, «больничныйға шықпаңдар» дейді. Қазір сокращение-нің жартысы бізде больничныйға кеп тіреліп жатыр.

АЙГҮЛ ӘДІЛҚЫЗЫ, «АЛМАТЫ МЕТРОПОЛИТЕНІ» КМК АҒА ОПЕРАТОРЫ:

Бір вестибюльде старший мен контролер ғана жұмыс істейді деп отыр. Операторларды алып тастайды. Ол аппарат не, әлі алынған жоқ. Бізді не үшін сокращениеге кетірейін деп жатыр? Естественно, міне бізге устно айтады, уведомление осы июльдің басында келеді, июль отработайте, августте кетесіздер деп. Ол бізге уже құлағымызға қазірден бастап құйып жатыр.

Метрополитеннің баспасөз қызметі қысқарту жұмыстары жыл сайын жүргізілетінін атап өтті.

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ «МЕТРОПОЛИТЕН» КМК БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:

Кәсіпорын ТМД елдеріндегі метрополитендердің басым бөлігі сияқты мемлекеттік әрі жоспарлы түрде шығынмен жұмыс істейтін ұйым саналады. Бір жолаушыны тасымалдау үшін белгіленген 120 теңгелік тариф кәсіпорынның нақты шығындарын толық өтемейді. Сондықтан жергілікті бюджеттен субсидия бөлінеді. Осыған байланысты кәсіпорын шығындарын оңтайландыру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Оның ішінде штат санын қайта қарау да бар. Мұндай жұмыс өткен жылдары да жүргізілген, биыл да жалғасып жатыр. Алайда осы уақытқа дейін жаппай қызметкер қысқарту болған емес.

Күні бүгін қызметкерлерді қысқарту мәселесі күшін жойғаны белгілі болды. Бұл туралы қала әкімдігі мәлімдеді. Айта кетейік, Алматыда бүгінде метроның жаңа желілерінің құрылысы қарқынды жалғасып жатыр. Мәселен, «Қалқаман» станциясы биыл пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Алдағы жылдары тағы бірнеше жаңа станция ашылмақ.