Астанада биылғы 25–27 маусым аралығында Ақмешіт көшесінен Қазақ радиосы көшесіне дейінгі Нұржол бульварында маршруттық жөндеу жұмыстарын жүргізіліп жатыр.
Осыған байланысты аталған учаскеде автокөлік құралдарының қозғалысы толықтай жабылатын болады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды және жол қозғалысын ұйымдастырудағы өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, - делінген қала әкімдігі хабарламасында.