$479.26 €546.21 ₽6.13
×

Конституция күшіне енген күні 857 кішкентай қазақстандық дүниеге келді

Конституция күшіне енген күні 857 кішкентай қазақстандық дүниеге келді
Денсаулық сақтау министрлігі

1 шілдеде, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы күшіне енген күні елімізде 857 сәби өмірге келді. Жүздеген отбасы үшін бұл күн мемлекет тарихындағы ғана емес, өз әулеттерінің де ерекше күніне айналды.
Өңірлік денсаулық сақтау басқармаларының мәліметінше, дүниеге келген нәрестелердің 435-і – ұл, 422-сі – қыз. Сонымен қатар Атырау және Алматы облыстарында екі егіз сәби дүниеге келді.
Әрбір жаңа өмір – елдің жарқын болашағына бастар маңызды қадам. Жаңа Конституция күшіне енген тарихи күні 857 кішкентай қазақстандықтың өмірге келуі – мемлекеттің конституциялық дамуының жаңа кезеңімен үндескен айрықша оқиға.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарды отбасындағы қуанышты жаңалықпен құттықтап, сәбилерге зор денсаулық, бақытты балалық шақ және амандық тілейді.