Атырауда әйелін жасөсірім қызының көзінше 11 мәрте пышақтап өлтірген зейнеткер 15 жылға сотталды. Сот 63 жастағы тұрғынды аса қатігездікпен адам өлтіргені үшін кінәлі деп таныды. Ол бұл қылмысты алдын-ала ойластырған. Пәтерде орналасқан камераларды сөндіріп тастаған. Арнайы адам өлтіруге қолайлы жүзі ұзын пышақты дайындаған. Сотта анықталғандай, кінәлі азамат әйелін орынсыз қызғанып, үнемі қысым көрсететін болған. Куәлік еткен көршілері марқұмның бойында күйеуінің қолынан бір күні өліп қалатыны туралы қорқышыны болғанын айтқан. Бар ғұмырын білім беру саласына арнаған әйелдің артында 12-дегі қызы қалды.
ЗАРЕМА ХАМИДУЛЛИНА, СУДЬЯ:
Ең ауыр жағдай барлығы жас баланың, сіздің 12 жасар кішкентай қызыңыздың көз алдында болды. Сіз сол кезде қызыңыздың диванда анасының қасында ұйықтап жатқанын білесіз. Ол осы жерде жылап тұрып жауап берді. «Папа, не істеп жатырсыз, қойыңыз, тоқтаңыз деп бірнеше рет айтып едім. Алайда әкем сөздеріме құлақ асқан жоқ, көз алдымда анамның ішкі құрылысына пышақпен жарақаттар салды. Сосын мен қорқып, ас бөлмесіне жылап шығып кеттім» деп айтқан болатын. ҚР Жоғары сотының нормативтік қаулысында адам өмірі мен денсаулығына қарсы егерде қылмыс жақын туысының көз алдында жасалатын болса оған рухани, жаназабы мен күйзелісті келтіріп жатқаныңызды біле тұра осындай іс-әрекеттік жасау, аса қатігездікпен адам өлтіру болып бағаланады.