$467.98 €533.87 ₽6.11
×

Сарапшылар Қазақстандағы жасанды интеллект пен цифрлық экономиканы дамыту мәселелерін талқылады

Сарапшылар Қазақстандағы жасанды интеллект пен цифрлық экономиканы дамыту мәселелерін талқылады
Әділет партиясы

«Әділет» партиясында мемлекеттік органдардың, IT-бизнестің, қаржы секторының және сарапшылар қоғамдастығының өкілдерін біріктірген «Цифрлық мемлекет. Тиімді институттар» тақырыбындағы сараптамалық сессия өтті. Қатысушылар цифрлық экономиканы дамыту, жасанды интеллектіні енгізу, мемлекеттік басқару ісін жетілдіру және отандық технологиялық компанияларды қолдау мәселелерін талқылады.

Кездесуді ашқан «Қазақтелеком» АҚ басшысы әрі партия Саяси кеңесінің мүшесі Бағдат Мусин мемлекет пен отандық IT-бизнес арасында өзара тиімді іс-қимыл орнамайынша, цифрлық экономика одан әрі дамымайтынын атап өтті.

«Бүгінде ақпараттық технологиялар саласына қатысты ең негізгі тапсырыс берушілердің бірі – мемлекет. Сондықтан IT-компаниялармен өзара іс-қимыл барысы түсінікті ережелерге, ашық рәсімдерге және болжамды шарттарға негізделуі аса маңызды», – деді ол.

⠀Тақырыпты жалғастырған Жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкин цифрлық мемлекеттің заңнамалық базасын дамыту, жасанды интеллект инфрақұрылымын қалыптастыру және жаңа экономикаға қажет мамандар даярлау мәселелері туралы баяндады.

⠀Сарапшылар цифрлық мемлекетті дамыту, заңнаманы жетілдіру, отандық IT-компанияларға қолдау көрсету, жасанды интеллектіні енгізу және цифрлық экономикаға қажет кадрлар даярлау бағытындағы өз ұсыныстарымен бөлісті.