$467.41 €533.88 ₽6.14
×

Енді несиені бір жерден төлейді

AstanaTV
09.07.2026ж. 19:00
Енді несиені бір жерден төлейді

Енді несиеңізді әр банкке бармай бір жерден төлеуге болады. Бірнеше банктен несие алып, төлемі кешіккен азаматтар үшін берешекті реттеудің жаңа тәртібі іске қосылды. Бұл мүмкіндік кімдер пайдалана алады? Қарыз көлемі қанша болу керек? Тілші тарқатады.

Иә, қарызды реттеу бұрынғыдан жеңілдей түсті. Бұған дейін бірнеше банк немесе микроқаржы ұйымына берешегі барлар әрқайсысымен жеке сөйлесуге мәжбүр еді. Енді барлық кредиторға ортақ бір өтініш жолданып, берешекті бір жерден төлеуге болады. Жаңа жүйе медиация қағидаты бойынша жұмыс істейді.

БЛИЦ:

- Кейбір моменттерде қиын жағдайда болған кезде амал жоқтан кредит алғанымыз бар енді.

- Болған. Мен жауып тастадым. Пенсияға шығардың басында ұстады.

- Түрлі жағдайларға байланысты алады ғой. Ал енді ол бір жерден төленсе жақсы екен.

Алайда мұны кез келген адам қолдана алмайды. Ол үшін қарыз алушының кемінде екі банк не қаржы ұйымында тоқсан күннен асқан мерзімі өткен берешегі және қарыз көлемі 648 мың теңгеден 6 миллион 920 мың теңгеге дейін болуы тиіс. Қарызды өтеу мерзімі бес жылға дейін, ал әлеуметтік осал топтарға жеті жылға дейін ұзаруы мүмкін. Бірақ кепіл арқылы алған несиелерге бұл жеңілдік жүрмейді.

АЙБАР ОЛЖАЕВ, ҚАРЖЫ САЛАСЫНЫҢ САРАПШЫСЫ:

Кредиттердің архитектуралары бөлек болады. Мысалы, кепілсіз кредит жеке тұлғаға берілген. Тек қана бір договор келісімшарт ашылады. Соның негізінде беріледі. Оның ешқандай баланстық құны есептеуі жоқ. Ол банктерге жүргізу өте оңай. Ал кепіл зат қойылған кредит ол реестр ол кепіл заты бір жерде аресте тұр. Әділет органдарында тұр. Оның баланстық құны бар.

Жүйе өтініш берген азаматтың барлық қарызы туралы мәліметті автоматты түрде жинайды. Егер талаптарға сай келсе, кредиторлар бірлесіп бірыңғай төлем кестесін әзірлейді. Бірақ өндіріп алу туралы сот шешімі шықпаған болу керек.

ГҮЛБАҚЫТ ИСАЕВА, ҚР ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН РЕТТЕУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ АГЕНТТІГІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАР ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ИНКЛЮЗИВТІЛІКТІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:

Ай сайынғы төлем сомасына байланысты есептеледі. Жоғары төлемді санат үшін 117 мың теңгеге дейін. Ал әлеуметтік осал топтар үшін 84 мың тгге дейін болуы мүмкін. Платтформаға қатысу тегін. Ең маңыздысы мүмкіндік бір рет қана беріледі.

Жаңа тетік бірнеше кредитор алдындағы берешекті бір келісім аясында реттеуге мүмкіндік береді. Бұл азаматтардың уақытын үнемдеп қана қоймай, төлемді жүйелі өтеуге бағытталған.