$467.41 €533.88 ₽6.14
×

"Конституция Президенттің ауқымды реформаларын кезең-кезеңімен жалғастырудың берік іргетасына айналды",- О.Бектенов

"Конституция Президенттің ауқымды реформаларын кезең-кезеңімен жалғастырудың берік іргетасына айналды",- О.Бектенов

Үкімет инвесторлармен ынтымақтастықтың жаңа кезеңін бастады. Бұл туралы Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес отырысында айтылды. Жиында Қазақстан Үкіметі мен халықаралық іскер топтар арасындағы өзара іс-қимылды нығайту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ цифрландыру және жасанды интеллект салаларындағы инвестициялық мүмкіндіктер қаралды. Бұдан бөлек, Ата заң күшіне енгеннен кейін еліміздің жаңа мемлекеттік-саяси тұрпатын қалыптастыру үдерісі басталғаны айтылды. Заңдағы Конституциялық Сот бірқатар жоғары лауазымды тұлғалардың бір реттік өкілеттік мерзіміне қатысты конституциялық норманы қолдану жөніне де тоқталды. Олардың қатарында Президент, Конституциялық Сот төрағасы мен судьялары, Жоғарғы Соттың төрағасы мен Бас прокуроры бар.

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Конституциялық Сот өз шешімімен нақты әрі дәл түсіндіріп берді. Атап айтқанда, бір реттік өкілеттік мерзімге қатысты норма жаңа Конституция күшіне енгеннен кейін, яғни биылғы 1 шілдеден бастап тиісті лауазымдарға тағайындалған немесе сайланған тұлғаларға ғана қолданылады. Құқықтық айқындылықтың қамтамасыз етілуі ішкі және сыртқы аудиторияны толғандырған бірқатар мәселені күн тәртібінен алып тастайды. Менің ойымша, бұл саяси-құқықтық жүйенің тұрақтылығы мен болжамдылығына ерекше мән беретін инвесторлар үшін де игілікті қадам болып отыр.