Қараой ауылының 1984 жылы туған тұрғыны қожалықтағы үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Өткен жылдың қазан айынан бері із-түзсіз жоғалып кеткен әйелдің мәйіті Алматы облысынан табылды.
Осыдан кейін оның жұбайы полицияға жүгінген. Құқық қорғау органдары ауқымды іздестіру жұмыстарын ұйымдастырып, көршілес өңірлерден де іздеген.
Алматы облысы Полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Әйелдің өлімінің нақты себебі сот-медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша анықталады.
«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу және процессуалдық іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді», деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.