Аталған айда 84,7 млрд теңгеге өтініштер орындалды, деп хабарлайды Бірінші кредиттік бюро БЖЗҚ (ЕНПФ) мәліметтеріне сілтеме жасап.
Бұл - 2026 жылдың басынан бергі ең жоғары көрсеткіштердің бірі, бұдан көп сома тек мамыр айында ғана тіркелген болатын.
Өтініштер көлемінің артуы 6 маусымда күшіне енген ең төменгі жеткіліктілік шегінің өсуімен байланысты болса керек. Көптеген салымшылар ережелер өзгергенге дейін өтініш беріп үлгерген.
Қаражаттың негізгі бөлігі Отбасы банкіндегі депозитті толықтыруға, тұрғын үй сатып алуға және ипотеканы ішінара өтеуге бағытталды.