$464.71 €531.26 ₽6.05
×

Биометриялық аутентификацияның жаңа ережелері бекітілді

11.07.2026ж. 06:35
Биометриялық аутентификацияның жаңа ережелері бекітілді
Фото: Freepik

12 шілдеден бастап қаржы және төлем ұйымдарына арналған биометриялық аутентификация жүргізудің жаңа ережелері күшіне енеді.

Тұлғаны растау бет-әлпет бейнесі (суреті) бойынша жүзеге асырылады. Алаяқтардың басқа адамның бейнесін қолдануынан қорғау үшін жүйе пайдаланушыдан кемінде үш кездейсоқ әрекетті орындауды сұрайды, содан кейін олардың орындалуын тексереді.

Егер тексеру үш рет сәтсіз аяқталса, аутентификациядан өтпеген деп есептеледі. Сондай-ақ, жаңа ережелер биометриялық деректерді қорғау, сақтау және пайдалану талаптарын белгілейді.