$464.71 €531.26 ₽6.05
×

«Әділет» партиясының кезектен тыс III Съезінде азаматтармен байланысты нығайтуға және партия қызметін ұйымдастыруға арналған жаңа цифрлық шешімдер таныстырды

«Әділет» партиясының кезектен тыс III Съезінде азаматтармен байланысты нығайтуға және партия қызметін ұйымдастыруға арналған жаңа цифрлық шешімдер таныстырды

Енді "Әділет" партиясына мүшелікке өту үшін өтінішті QR-код арқылы, eGov порталы немесе осы қызметті қолдайтын банк қосымшалары арқылы беруге болады. Бұл туралы бүгін партияның кезектен тыс III Съезінде айтылды. Жаңа цифрлық шешім азаматтармен байланысты нығайтуға және партия қызметін ұйымдастыруға бағытталған. Съезд аясында жасанды интеллект технологиялары негізінде әзірленген интеллектуалды цифрлық көмекшілер де таныстырылды. Олар партияның бағдарламасы туралы ақпарат ұсынып, мүше ретінде қабылдау тәртібін түсіндіріп, ең жиі қойылатын сұрақтарға жауап береді және пайдаланушыларға цифрлық сервистерді қолдануға бағыт-бағдар көрсетеді. Пайдаланушылармен өзара байланыс партияның фирмалық цифрлық маскоты мен автоматтандырылған чат-боттар арқылы жүзеге асырылады. Бұдан бөлек, партия құрылымдарының жұмысын үйлестіруге арналған арнайы цифрлық алаң – цифрлық штабты сынақтан өткізуді бастады. Бұл шешім бірлескен жұмысты ұйымдастыруға, тапсырмалардың орындалуын бақылауға және орталық аппарат пен өңірлік филиалдар арасындағы байланыстың тиімділігін арттыруға арналған.

ЗАКИРЖАН МАВЛЮТОВ, СЪЕЗД ДЕЛЕГАТЫ:

Бұл – жылдың 365 күні Қазақстанда әділдік салтанат құрады дегенді білдіреді. 365 кездесу, 365 бастама, 365 есеп беру іс-шарасы жүзеге асырылады. Яғни партия тәулік бойы, аптаның жеті күні, жылдың 365 күні үздіксіз жұмыс істеп, барлық қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға және өмір сүру сапасын жақсартуға қызмет етеді.