Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №37 мекемесінде сотталған азаматтарға арналған "Жақсылық жасап жарысайық" тақырыбында психологиялық тренинг ұйымдастырылды.
Іс-шараны "Жігер" қоғамдық бірлестігі, Қызылорда қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, сондай-ақ облыстық психикалық денсаулық сақтау орталығының мамандары бірлесіп өткізді. Тренинг барысында қатысушыларға жақсылық жасау, адамгершілік құндылықтарды дәріптеу, өзара сыйластық пен мейірімділік қағидаттарын нығайту бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мамандар түрлі психологиялық жаттығулар өткізіп, танымдық әрі қызықты ойындар ұйымдастырды. Қатысушылар іс-шараға белсенді қатысып, өзара пікір алмасты, алған әсерлерімен бөлісіп, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.
- Бұл тренингтен өзіме үлкен әсер алдым. Әртүрлі ойындар мен жаттығулардың арқасында көңіл күйіміз көтеріліп, өмірге деген көзқарасымызды қайта саралауға мүмкіндік туды. Жақсылық жасаудың адамға қуаныш сыйлайтынын тағы бір мәрте түсіндік, – деді сотталғандардың бірі.
Мұндай іс-шаралар сотталған азаматтардың психологиялық ахуалын жақсартуға, олардың бойындағы оң қасиеттерді дамытуға және қоғамға қайта бейімделуіне оң ықпал етеді.