$464.71 €531.26 ₽6.05
×

Астанада полиция топырақты заңсыз қазу және тасымалдау деректеріне қарсы жұмысты күшейтті

Астанада полиция топырақты заңсыз қазу және тасымалдау деректеріне қарсы жұмысты күшейтті
Polisia.kz

Елордада полиция қызметкерлері топырақты заңсыз қазу және тасымалдау, сондай-ақ абаттандыру қағидалары мен табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтау және жолын кесу жұмыстарын күшейтті. Құқық бұзушылықтардың алдын алу және оларды анықтау мақсатында полиция қызметкерлері Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары, ұшқышсыз ұшу аппараттары арқылы тұрақты мониторинг жүргізіп, қала аумағында жүйелі түрде рейдтік іс-шаралар өткізуде. Соңғы рейдтер барысында топырақты заңсыз қазу және тасымалдаудың бірнеше фактісі анықталды. Атап айтқанда, Төле би көшесінде полиция қызметкерлері топырақты заңсыз қазу және тасымалдау дерегін анықтады. Заңсыз жұмыстарға тартылған үш жүк көлігі мен экскаватор - жүк тиегіш анықталды.

Тағы бір дерек Есіл ауданында жүргізілген рейдтік іс-шаралар кезінде тіркелді. Howo Sinotruk жүк көлігінің иесі топырақты заңсыз тасымалдағаны анықталды. Анықталған фактілер бойынша жиналған материалдар Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасына жолданды. Мұндай құқық бұзушылықтарды анықтау жұмыстары тұрақты түрде жалғасуда және тұрақты бақылауда. Полиция департаменті топырақты заңсыз қазу мен тасымалдау қоршаған ортаға зиян келтіретінін және заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкелетінін ескертеді. Полиция азаматтарды экологиялық құқық бұзушылықтар туралы "102" нөміріне хабарлауға шақырады.