ДАИШ Сириядағы талқандаудан соң
қарулы күштерін Ауғанстан мен Пәкістанға ауыстырмақ. Ал жауынгерлер Орталық Азия,
Солтүстік Кавказ бен Таяу Шығыстан тасымалдана бастайды. ТМД Терроризмге қарсы орталығының
жетекшісі осындай мәлімдеме таратты. Андрей Новиковтың айтуынша, Ауғанстан мен Пәкістанда
жаңа база жасақталып жатыр. ДАИШ содырлары қазірден-ақ ауған жастарының санасын
улап, қатарына қосуды күшейткен. Олар есірткі трафигін бақылауды қолға алуға тырысады
деуге де негіз бар көрінеді.