$511.22 €540.05 ₽4.73
×

Алматылық вундеркинд латынға тез аударатын бағдарлама ойлап тапты

AstanaTV
20.02.2018ж. 20:00
3052
Алматылық вундеркинд латынға тез аударатын бағдарлама ойлап тапты

Алматылық 12 жасар студент кириллицадағы сөздерді латын әрпіне лезде аударатын бағдарлама ойлап тапты. Ол бір секундта 13 кітапты аударып береді. Абзал Мырзаш есімді вундеркинд баланың әкесі бағдарламаның қолдау табатынына сенімді. Ришат Асқарбекұлы баяндайды.

Абзалдың ойлап тапқан бағдарламасында бар-жоғы екі команда орындалады. Кириллицадағы мәтінді таңдау және оны бағдарламаға жүктеу. Қас қағымда латын әрпіндегі нұсқасын көре аласыз. Мысалы, қазір бағдаралама бір секундта 90 миллион белгіні таныды. Компьютер неғұрлым тез ойланса, аударма жылдамдығы да арта түседі.

Абзал Мырзаш, ҚБТУ 1 курс студенті:

Бірінші нұсқада теріп отырғанда автоматы түрде әріптер шығып отырады. Мысалы, Q әрпін терсе, оған enter-ді басып қажет емес, ол латын әліпбиі деген жерге өзі шығып отырады.

Мектеп бағдарламасын толық игерген 12 жастағы вундеркинд Қазақ-Британ техникалық университетінің 1 курс студенті. Сабақтан бос уақытта түрлі бағдарламалар әзірлейді. Ол өткен жылы латын әліпбиінің 39 таңбадан тұратын өз нұсқасын ұсынған.

Дәуренбек Мырзаш, Абзалдың әкесі:

Абзалдың өзінің жасаған нұсқасында барлық кітаптарды аударуға болады. Жалпы 1 секундта 13 кітап көлеміндегі жазуды кирилл графикасынан латынға аударуға болады. Ал 38 секундта 500 кітапты аударуға болады.

Латын әрпіне қатысты талапты баланың нұсқасы ескерусіз қалмаған. Тіл білімі инситуты, Парламент депутаттары мен ғалымдар тарапынан қолдау тапқан. Ол ойлап тапқан бағдарлама қазір әлеуметтік желілерде де қызу талқыланып жатыр.

Орынтай Ошанова, филолог:

Бүгінгі күнде латын қарпіне көшіп отыруымыздың бір себебі, бұл қаріптеріміздің технологияға бейімделмеуінде болып отыр. Сондықтан бұл баланың да ұсынысын, бастамасын қарап, комиссия оны түбегейлі болмаса да, бір элементтерін алу керек шығар деп есептеймін.  

Ришат Асқарбекұлы, тілші:

Жасөспірім бағдарламаға ақша жұмсамаған. Бұл аударма ісінде қаржы үнемдеуге мүмкіндік бермек. Сондықтан Абзалдың әкесі баласының бастамасы қолдау табатынына сенімді.

Ришат Асқарбекұлы