Әлемге әйгілі актер, режиссер әрі продюсер Джеки Чан Маңғыстау облысына келді. Ол халықаралық «Доспехи Бога 4: Ультиматум» (Armour of God: Ultimatum) фильмінің түсіріліміне қатысады.
Фильмнің негізгі түсірілім алаңдарының бірі – әйгілі Бозжыра шатқалы. Бұл – Маңғыстаудың қайталанбас табиғаты әлемдік киноиндустрияның назарын аударып отырғанының айқын дәлелі.
Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай халықаралық жоба өңірдің туристік әлеуетін арттырып, инвестиция тартуға және Маңғыстаудың әлемдік танымалдығын күшейтуге серпін беретінін айтты.
Джеки Чан жылы қабылдау үшін алғыс білдіріп, Маңғыстаудың ерекше табиғаты болашақ фильмнің ең әсерлі көріністерінің біріне айналатынын атап өтті.
Жоба ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асуда. Фильмді қазақстандық Sәlem Entertainment компаниясы түсіреді.