$477.11 €545.58 ₽6.2
×

Елімізде I жартыжылдықта 540 мыңнан астам жеке тұлға «көлеңкелі» экономикадан шығарылды

Елімізде I жартыжылдықта 540 мыңнан астам жеке тұлға «көлеңкелі» экономикадан шығарылды
Үкімет

Жыл басынан бері бұрын тіркеу есебінде болмаған шамамен 546 мың жеке тұлға заңдастырылды, қосылған құн салығын төлеушілердің саны 22,3 мыңға өсті. Бұл туралы Үкімет отырысында қаржы вице-министрі Ержан Біржанов баяндады.

 

«Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды ескере отырып, бизнес субъектілерінің саны 2,9 млн-ға жетті және жыл басынан бері тағы 499 мыңнан аса субъектіге артты. Қосылған құн салығын төлеушілердің саны 22,3 мыңға өсіп, 158,2 мың төлеушіге жетті. Ол салық реформасын тек фискалдық құрал ретінде ғана емес, сол сияқты экономикалық белсенділікті көлеңкеден шығару тетігі ретінде де қарау қажеттігін көрсетіп отыр», — деп атап өтті Ержан Біржанов.

 

Сонымен қатар есепті кезеңде мемлекеттік тапсырыс шеңберінде барлық деңгейдегі білім беру ұйымдары қаржыландырылды. Сондай-ақ әлеуметтік саладағы бюджет қаражатын бақылауды цифрландыру жұмыстары жалғастырылды. Бүгінгі таңда мемлекеттік және жекеменшік мектептердің 78%-ы цифрландырылды, ал Qalqan бірыңғай порталына МСӘҚ қаржыландыратын медициналық ұйымдардың 100%-ы қосылды.