$477.11 €545.58 ₽6.2
×

Астана әуежайында қоғамдық тәртіпті бұзған шетел азаматтары жауапкершілікке тартылды

Астана әуежайында қоғамдық тәртіпті бұзған шетел азаматтары жауапкершілікке тартылды
Polisia.kz

Оқиға Астана қаласының халықаралық әуежайында Астана – Ұлан-Батыр бағытындағы әуе рейсіне жолаушыларды тіркеу кезінде болды. Әуе компания өкілінің актісі негізінде көліктегі полиция басқармасының қызметкерлері қоғамдық тәртіпті бұзған екі жолаушыны, шетел азаматтарын рейстен түсірді. Олар әуе рейсіне жіберілмеді. Тексеру барысында тәртіп сақшылары 40 жастағы екі шетел азаматының алкогольдік масаң күйде болғанын анықтады. Қоғамдық орында масаң күйде болғаны үшін олар жауапкершілікке тартылды. Көліктегі ПД азаматтар мен шетел қонақтарын белгіленген тәртіпті сақтауға, айналасындағыларды құрметтеуге және авиациялық қауіпсіздік талаптарына жауапкершілікпен қарауға шақырады.