Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

«Атамекен» ҰКП мемлекеттік қызметкерлер мен корпоративті сектор жұмысшыларының жалақысын теңестіруді ұсынды

AstanaTV
28.02.2018ж. 20:00
2638
«Атамекен» ҰКП мемлекеттік қызметкерлер мен корпоративті сектор жұмысшыларының жалақысын теңестіруді ұсынды

Қазақстан енді сыбайлас жемқорлыққа бой алдырған мемлекеттердің қатарында емес. «Транспаренси Интернешнл» халықаралық ұйымының жыл сайынғы Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі осыны айғақтайды. Бұл туралы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы мәлімдеді. Дегенмен Алик Шпекбаев шенеуніктер кәсіпкерлердің қызметіне заңсыз араласатынын жасырмады. Былтырдың өзінде бизнеске бөгет жасаудың 352 дерегі анықталған. Бұл 2016 жылғыдан көп. 800-ден астам сыбайлас жемқорлыққа жол беретін дерек анықталған. Бүгінде мемлекеттік органдарға оларды жою туралы ұсыныс жолданды. Осы шаралардың арқасында 270 кәсіпкердің құқы қорғалған.

Алик Шпекбаев, ҚР мемлекеттік қызмет істері және СЖҚІҚ агенттігінің төрағасы:

Лауазымды тұлғалардың кәсіпкерлікке кедергі жасауының алдын алуға қатысты жүйелі талдау жасауды жоспарладық. Енді оларды жауапқа тарту мәселесі қарастырылады.

Бақылау-қадағалау қызметі қысқарғаннан кейін мемлекеттік қызметшілердің саны да азаяды. «Атамекен» ҰКП төралқа төрағасы мемлекеттік аппараттың 1100 адамға қысқаратынын жеткізді. Тимур Құлыбаев үнемделген қаржыны жалақыны арттыруға жұмсауды ұсынды.

Тимур Құлыбаев, ҚР «Атамекен» ҰКП төралқа төрағасы:

Бизнес-қауымдастық ретінде бұл ақша мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысын арттыруға жұмсалғаны жөн деп отырмыз. Сонда ғана кәсіби тұрғыдан білікті, әрі ықшам мемлекеттік аппарат қызметкерлерінің айлығы артады. Олар да корпоративті сектордағылар секілді жалақы алуы керек. Сонда ғана бұл салаға нағыз мамандар келеді.