$477.11 €545.58 ₽6.2
×

25 мас жүргізуші ұсталды

25 мас жүргізуші ұсталды
Polisia.kz

Астана қаласында өтіп жатқан "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері демалыс күндері жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған 25 мас жүргізушіні анықтады.

Солардың бірі – 36 жастағы елорда тұрғыны. Ол түнгі сағат 01:00 шамасында Қосшығұлұлы көшесімен Серкебаев көшесі бағытына қарай Volkswagen автокөлігін басқарған. Тексеру барысында жүргізушіден алкогольдік масаңдық белгілері байқалып, ол медициналық куәландыруға жіберілді. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, жүргізушінің алкогольдік мас күйінде болғаны расталды. Осы факті бойынша оған қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік материал рәсімделді. Автокөлік мамандандырылған айып тұрағына қойылды. Сот қаулысымен құқық бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды. Жол қозғалысы ережелеріне сәйкес, мас күйінде көлік басқару – жүргізушінің ғана емес, жол қозғалысына қатысатын өзге азаматтардың да өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіретін өрескел құқық бұзушылық. Мұндай жауапсыз әрекеттер ауыр жол-көлік оқиғаларына, адам өліміне және түрлі дене жарақаттарына әкеп соғуы мүмкін. Астана қаласының полиция департаменті жүргізушілерді заң талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Алкогольдік ішімдік ішкен жағдайда рөлге отырмаңыз. Қажет болған жағдайда қоғамдық көлікті, такси қызметін немесе "сергек жүргізуші" қызметін пайдаланған жөн. Жолдағы қауіпсіздік – әрбір жүргізушінің жауапкершілігінен басталады.