$468.88 €534.1 ₽6.04
×

Индонезия Қазақстан азаматтары үшін визасыз режим енгізді

15.07.2026ж. 09:16
Индонезия Қазақстан азаматтары үшін визасыз режим енгізді
Фото:depositphotos.com

Индонезия Қазақстан азаматтары үшін визасыз режим енгізді. Енді отандастарымыз бұл елде 30 күнге дейін визасыз жүре алады.

Бұған дейін талап етілген, құны шамамен 33 доллар болатын келу визасын рәсімдеу талабы жойылды. Дегенмен елге кірген кезде саяхатшылар бұрынғыдай арнайы келу картасын толтыруы қажет.

 Индонезия билігі бұл жеңілдік арқылы шетелдік туристер санын арттыруды көздеп отыр. Биыл ел 17 миллионнан астам турист қабылдауды жоспарлаған.