$468.88 €534.1 ₽6.04
×

Килиан Мбаппе үйіне қайтады

Килиан Мбаппе үйіне қайтады
sports.kz

Футболдан әлем біріншілігінің алғашқы жартылай финал ойыны аяқталды. Француздар қызыл фуриядан айласын асыра алмады. Тіпті испаниялықтардың қақпасынан саңылау таба алмады.

Ойынның 22-минутында франциялық Люка Динь өзінің айып алаңында Испания футболшысы Ламин Ямальды шалып құлатты. Бас төреші пенальти белгіледі. Микель Оярсабаль мүлт кеткен жоқ.

Ойынның 58-минутынд испаниялық Педро Порро есепті еселеді. Ал Килиан Мбаппе қарсыластар қақпасына бар болғаны екі ғана тура соққы бағыттай алды. Осылайша испаниялықтар финалға жолдама алды. Олар Англия мен Аргентина арасында үздік шыққан құрамамен чемпиондық атақты сарапқа салады.