$468.88 €534.1 ₽6.04
×

Суррогат ананың қызметін енді тек заңды некедегі ерлі-зайыптылар пайдалана алады

15.07.2026ж. 14:41
Суррогат ананың қызметін енді тек заңды некедегі ерлі-зайыптылар пайдалана алады
фото: pixabay

Мемлекет басшысы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды. Енді суррогат ана қызметін тек некеде (ерлі-зайыптылықта) тұрған Қазақстан Республикасының азаматтары ғана пайдалана алады.

Заңға сәйкес, суррогат анамен шарт жасасатын ерлі-зайыптылар:

· суррогат ананың медициналық тексеруден өтуіне кететін шығындарды төлейді;
· қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды қолдануға жұмсалатын шығындарды өтейді;
· репродуктивтік технологияларды қолданатын медициналық ұйымға өздерінің дене және психикалық саулығы туралы медициналық қорытындыны, сондай-ақ медициналық-генетикалық тексеру нәтижелерін ұсынады;
· суррогат ананың жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі 56 күн ішіндегі медициналық қызмет көрсету шығындарын өтейді. Егер жүктілікке немесе босануға байланысты асқынулар болса, бұл шығындар босанғаннан кейінгі 70 күнге дейін төленеді.