$469.71 €536.17 ₽6.01
×

Өрт сөндірушілер аптап ыстықта балаларға қуаныш сыйлады

15.07.2026ж. 22:12
Өрт сөндірушілер аптап ыстықта балаларға қуаныш сыйлады

Түркістан облысында ауа температурасының күрт көтерілуіне байланысты өрт сөндірушілер балаларға арналған сергіту шарасын ұйымдастырды.

Іс-шара барысында арнайы өрт сөндіру техникасының көмегімен балаларға су шашылып, аптап ыстықтан сая іздеген тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйланды.

Шараның басты мақсаты – балалардың жазғы демалысын көңілді өткізуге жағдай жасау, ыстық күндері қауіпсіздік мәдениетін насихаттау және құтқарушылар мен тұрғындар арасындағы достық байланысты нығайту. Балалар өрт сөндіру көлігімен жақын танысып, құтқарушылардың жұмысы туралы қызықты мәліметтер алды.

Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары жаз мезгілінде су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтау, күннің ең ыстық уақытында ұзақ уақыт жүрмеу және балаларды қараусыз қалдырмау қажеттігін еске салды.

Мұндай игі шаралар тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап қана қоймай, өрт сөндірушілердің халыққа әрдайым көмек көрсетуге дайын екенін көрсетеді.