Алматы хайуанаттар бағында Керқұлан (Пржевальск жылқысы) Құрбанкүл құлындады. Оған Желмая есімі берілді. Бұл - Құрбанкүлдің екінші төлі.
Алматы хайуанаттар бағы ақбөкенді, ақ аюды, ақиық бүркітті және Пржевальск жылқысын сақтау бағдарламаларына қатысады. Қызыл кітапқа енген керқұланның төлдеуі сирек кездесетін түрді сақтауға қосылған маңызды үлес болып отыр.
Қазір Құрбанкүл, Желмая және әкесі Мерей келушілер кірмейтін, тыныш, арнайы аумаққа орналастырылған. Оларды мамандар ерекше күтіммен баптап жатыр.