$472.34 €541.25 ₽6.01
×

Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі қашан жарияланады?

16.07.2026ж. 20:12
Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі қашан жарияланады?
Фото: Ulysmedia.kz

Мемлекеттік білім беру гранттары конкурсының қорытындысы мен грант иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады.

Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрағасы Гүлзат Жарасова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

Оның айтуынша, мемлекеттік білім беру гранттары конкурсына құжат қабылдау жалғасып жатыр.

 Құжаттарды 20 шілдені қоса алғанға дейін жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары, оның ішінде виртуалды қабылдау комиссиялары немесе eGov.kz порталы арқылы тапсыруға болады. Конкурсқа қатысу үшін жеке куәлік, ҰБТ сертификаты, білім туралы құжат, фотосурет және қажет болған жағдайда жеңілдік санатын растайтын құжаттар ұсынылады, — деді комитет төрағасы.