Енді елдегі банктер бірыңғай төлем жүйесіне көшеді. Бұған дейін бір банктің QR-коды арқылы басқа қаржы ұйымына төлем жасалмайтын, енді бұл шектеу жойылады. Бір код арқылы кез келген сатып алуларды жүзеге асыруға болады. Ал бонустар мен кэшбектер әр банктің өз ережесімен бұрынғысынша үлестіріле береді. 2024 жылы елдегі екі банктің қатысуымен басталған пилоттық жобаға 2025 жылдың қарашасында тағы алты банк қосылды. Ұлттық Банк өкілінің айтуынша бұл тетік қарапайым азаматтарға ғана емес, кәсіпкерлерге де тиімді болады.
ЕРЛАН АШЫҚБЕКОВ, ҚР ҰБ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕЛЕРІ ЖӘНЕ ЦИФРЛЫҚ ҚАРЖЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:
Бұл деген сол төлемді қабылдаушы сауда нүктесі үшін операциялық шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Және оның жұмыс істеу жылдамдығын арттырып, өзіне қолайлы, режимді қалыптастыруға мүмкіндік береді. Кәсіпкерлер үшін қосымша жұмыстар қиындықтар туындамайды. Бұл жұмыстардың барлығы банк тарапынан атқарылып, қажетті мобильді қосымшалар өзектендіріледі.