Қала тұрғындары мен жүргізушілерге қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлау ұсынылды
Астанада «Мәңгілік Ел» даңғылынан Сауран көшесіне дейінгі Алматы көшесінің бойында көлік тоннелін салу» жобасы аясында 18 маусымнан бастап биылғы жылдың соңына дейін Алматы көшесінің Ақмешіт көшесінен Түркістан көшесіне дейінгі бөлігі көлік қозғалысы үшін толық жабылады.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, 20 шілдеден бастап жыл соңына дейін Алматы көшесінің Ақмешіт көшесінен Сауран көшесіне дейінгі учаскесінде де барлық көлік қозғалысына толық шектеу енгізіледі.
Сонымен қатар Алматы көшесінің Сауран, Ақмешіт және Түркістан көшелерімен қиылыстары ашық болады.
Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жүргізушілерге қолайсыздықты азайту үшін аталған аумақта уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады.
