$469.83 €536.83 ₽5.97
×

Бұқтырма су қоймасында екі әйел құтқарылды

19.07.2026ж. 12:00
Бұқтырма су қоймасында екі әйел құтқарылды
Фото: canva

Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасының Солдат шығанағы маңында құтқарушылар қайықпен жағалауға өздігінен жете алмаған екі әйелге көмек көрсетті.

112 қызметінің пультіне Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданындағы Солдат шығанағында суда оқиға болғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Қайықта екі әйел болған. Олар өз күштерімен жағаға жете алмаған.

–Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ құтқарушылары екі әйелді және шағын көлемді қайықты жағаға аман-есен эвакуациялады. Әйелдерге медициналық көмек қажет болған жоқ, – делінген министрлік хабарламасында.