$469.83 €536.83 ₽5.97
×

Диана Ержанова триатлоннан Еуропа кубогінің алтын медалін жеңіп алды

19.07.2026ж. 19:21
Диана Ержанова триатлоннан Еуропа кубогінің алтын медалін жеңіп алды
Фото: ҰОК

Жасөспірімдер арасындағы жарыс күні кеше Румынияның Изворани қаласында өтті.

Байрақты бәсекеге Италия, Венгрия, Түркия, Ұлыбритания, Чехия секілді елдерден келген 30 жас қатысып, өзара мықтыны анықтады.

Нәтижесінде, отандасымыз спринтерлік қашықтықты 35 минут 41 секундта бағындырып, көш бастады.