Биыл Павлодар облысындағы Баянауыл курорттық аймағына келетін туристер саны 300 мың адамға дейін жетеді деп күтіліп отыр.
Павлодар облысы әкімдігінің ақпаратынша, Баянауыл соңғы жылдардағы туристік инфрақұрылымды жаңғыртудың ең ауқымды кезеңдерінің бірін бастан өткеріп жатыр.
Сабындыкөл мен Жасыбай көлдерінің жағалауы кешенді түрде абаттандырылып, заманауи жағажайлар, жаңа қоғамдық кеңістіктер мен қызмет көрсету нысандары салынып жатыр. Сабындыкөл жағасында ұзындығы бір шақырым болатын серуендеу аймағы бой көтерсе, Жасыбай көлінің орталық жағажайы спорт және балалар алаңдарымен, демалыс аймақтарымен, санитарлық модульдермен және фуд-корттармен жабдықталған